Жарияланды: 600

СІМ Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломаттардың жол жүру ережесін сақтауын талап етуде

Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломаттардың жол жүру ережесін сақтауын талап етуде, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің еліміздің заңын сақтауын, оның ішінде жол жүру ережесін де сақтауын талап ету бойынша жүйелі жұмысын жүргізіп келеді», - деп ҚазТАГ агенттігіне СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті. Бұл ретте ол атлаған бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тәсілдерін атамады. Сондай-ақ олар Қазақстанда аккредиттелген шетелдік өкілдіктердің қызметкерлерінің жол жүру ережесін бұзуының соңғы статистикалық мәліметтерін де айта алмады. Жаңалық ақпаратының шығу сәтіне ІІМ жол полициясы комиетінен де біз мұндай мәліметтер ала алмадық. Сондай-ақ СІМ жауабында Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Лондон қалалық билігімен келіссөздер жүргізгенін, соның нәтижесінде «елшілік қызметкерлерінің көлікті көше бойына қоя салуда ережені бұзғаны үшін салынған қарыз мөлшерін айтарлықтай азайтудың сәті түскенін» хабарлады. «Айппұлды өтеудің жоспары қарызды сол ереже бұзған қызметкердің жалақысынан ақырындап ұстап отыру арқылы қайтаруды қарастырады», - деп түсіндірді І. Омаров. СІМ осылайша Лондон басшылығының алдындағы ҚР елшілігінің қызметкерлерінің алған айыппұлдарының мәселесі реттелді деп есептейді. Бұрын хабарланғандай, жыл басында ҚР елшілігінің қарыздары 189 мың фунт стерлинг болған. Қарыздарды қайта құрылымдаған соң, ВВС агенттігінің хабарлауынша, қазақстандық өкілдік Лондон басшылығына $60 төлепті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін