СІМ Сирия келіссөздері Астанада өтетіндігіне үмітті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ Сирия келіссөздері Астанада өтетіндігіне үмітті

СІМ Сирия келіссөздері Астанада өтетіндігіне үмітті

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша келіссөздерге қатысты дайындықты жүргізуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін Ор

  • 11 Қаңтар 2017
  • 494
Фото - Caravan.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша келіссөздерге қатысты дайындықты жүргізуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті. "Оның өтетініне үміттенеміз. Барлығы жұмыс барысында. Қыруар жұмыстар атқарылуда. Қандай да бір жаңалықтар болған жағдайда, сіздерге xабар береміз", — деп жауап берді ол осы мәселеге орай қойған тілшілердің сауалына. Бұның алдында xабарланғанындай, 2016 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Астанада өтуі тиіс алдағы кездесуді талқылаған болатын. Келіссөздерді 2017 жылдың 23 қаңтарында өткізу жоспарланған еді. Дегенмен бүгінгі өткен брифингте Ашықбаев нақты мерзімін айта алмады.



 

Соңғы жаңалықтар