Сингапурде жолаушылар ұшағы қону кезінде отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сингапурде жолаушылар ұшағы қону кезінде отқа оранды

Сингапурде жолаушылар ұшағы қону кезінде отқа оранды

Singapore Airlines әуе компаниясының ұшағының шұғыл қонуы кезінде оң қанаты отқа оранды.  Channel News Asia телеарнасынан хабарлағандай, оқиға салдарынан сингапурлық «Чанги» әуежайында зардап шеккендер болмады.

  • 27 Маусым 2016
  • 297
Фото - Caravan.kz

ТАСС хабарлағандай, Boeing 777 Сингапур — Милан бағытында ұшқан. Шамамен екі сағаттан кейін қозғалтқыштардың бірінде болған ақау салдарынан командир әуежайға қайта оралу шешімін қабылдады. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, мұнда жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін.  Қону кезінде ұшақтың оң жағында өрт шықты. Өрт сақшылары оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жетті.  

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, сонымен қатар авиатасымалдаушы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар