Жарияланды: 60

Синоптиктер 23 қыркүйектегі ауа райын болжады

Синоптиктер 23 қыркүйектегі ауа райын болжады

Қазгидромет 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай Алмат облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін