Циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен шығыс пен солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман тұрады. Мамандар жергілікті тұрғындарға көктайғақтан абай болуларын ескертеді. Ал оңтүстік облыстың кей жерлерінде жауын-шашын өтіп, ауа райы аздап суытады, деп хабарлайды ҚАЗГИДРОМЕТ.
“Астана қаласында 27-28 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 8-10 градус нөлден төмен болса, күндіз 0-2 градус аязды көрсетеді. 29 наурызда күндіз жауын-шашын күтіледі, ауаның температурасы түнде 6-8 градус нөлден төмен болса, күндіз 3-5 градус жылы күтіледі. Алматы қаласында 27-28 наурызда кей уақытта жаңбыр күтіледі. Ауаның температурасы түнде 7-9 градус жылыны көрсетсе, күндіз 12-14 градус жылыны көрсетеді”, – деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Айгүл Алданбергенова.
Оқи отырыңыз:
Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек
Арсен Алагөзов: Сенің бізбен араласқың келетінін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ғана біліп жүрміз