Ресейлік 60 депутатты елден шығаруға шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік 60 депутатты елден шығаруға шешім қабылдады

Ресейлік 60 депутатты елден шығаруға шешім қабылдады

АҚШ Ұлыбританияда БТБ-ның бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің улануына байланысты ресейлік 60 депутатты елден шығаруға шешім қабылдады.

  • 27 Наурыз 2018
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Reutersбасылымына сілтеме жасап.

Оның ақпаратына сүйенсек, мұндай шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдаған. Елден шығарылғандардың арасында БҰҰ жанындағы миссияны орындау үшін жүрген 12 «ресейлік барлау офицері» бар. Сонымен қатар, Сиэтлдегі Ресей консульдығы жабылады. Ақ үй мұны сүңгуір қайық және Boeing компаниясының базасы осы мекемеге жақын болғандықтан жабамыз деп түсіндірді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігінің ресми өкілі журналистермен телефон арқылы өткізген брифинг барысында Вашингтон «Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту үшін ынтымақастық жасауға дайын. Тек бұл ресейлік үкімет өз әрекетін өзгерткеннен кейін ғана мүмкін болатынын» айтты. Сонымен қатар, АҚШ-тағы Ресей елшісі Анатолий Антонов Ақ үйдің шешімінен хабардар екенін жеткізді.

Ақ үй Біріккен Корольдіктің Скрипальді улаған заттардың бөлігін Ресейге жібермеу туралы шешімін қолдады. АҚШ тарапы удың үлгілерін Ресейге берсе, оның шынымен қайдан шыққанын анықтауға кедергі келтіреді деп есептейді.

АҚШ-тағы Ресей елшісі дипломаттарды шығару туралы шешімді растады. Ол бас консулдық 30 наурызда жабылады деп мәлімдеді. Антоновтың айтуынша, АҚШ өзі «дымы қалмаған» ресей-америкалық қарым-қатынастың шегіне шығып жатыр. Енді Мәскеудің де жауабы нақты болу керек.

Еске сала кетсек, Сергей Скрипаль мен оның қызы 4 наурыз күні Солсбери көшесінде ес-түссіз жатқан күйде табылған. Кейінірек, олардың өте күшті затпен уланғаны белгілі болды, Тереза Мэй бұл іске Ресейді ресми түрде айыптаса, Мәскеу өз кінәсін жоққа шығарып отыр.


Басты тергеу басқармасының экс-полковнигі Сергей Скрипальді британиялық мамандардың өзі оп-оңай улауы мүмкін.Себебі британиялықтар А234 затына теңестіретін «Новичок» химиялық қару жүйесін әзірлеу технологиясы тек кәсіби мамандарға қолжетімді. Оны кейін кез келген химиялық корпорация жасай алады. Бұл мәлімдемені «Новичок» әзірлеушілерінің бірі Леонид Ринк Риа Новостиге берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп «Скрипаль ісіне» байланысты елден ресейлік дипломаттарды шығарып жіберуге дайын.

Оқи отырыңыз:

Арсен Алагөзов: Сенің бізбен араласқың келетінін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ғана біліп жүрміз

Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды

Нағима Есқалиева дене бітімін өзгерту үшін көрермендері мен тыңдармандарынан жасырынып келген

 

Соңғы жаңалықтар