Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК 6-8 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады

  • 5 Қаңтар 2018
  • 263
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, суық болады, деп хабарлайды Sputnik.

"Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында Сібір антициклонына байланысты суық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3…5 градусқа, ал республиканың шығысында әдеттегіден 7…13 градус төмен болады", — делінген хабарламада.

Жылы және дымқыл атлантикалық ауа біртіндеп батысқа, дүйсенбіге қарай Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлеріне ығысады. Соның әсерінен ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын болады.


Соңғы жаңалықтар