Сирия билігі оппозиция содырлары арасында украиндықтардың бар екендігін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирия билігі оппозиция содырлары арасында украиндықтардың бар екендігін анықтады

Сирия билігі оппозиция содырлары арасында украиндықтардың бар екендігін анықтады

Украина азаматтары сириялық оппозиция қатарында соғыс іс-қимылдарына араласуда. Бұл туралы Киевте Сирия елшісі Мохамед Маид Акиль мәлім етті, деп хабарлады Утро.ру.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 287
Фото - Caravan.kz

«Өкінішке орай лаңкестердің көпшілігі әлемнің 83 елінен, оның ішінде Украинадан да бар», — деді дипломат бүгін баспасөз мәслихаты барысында. Дегенмен елші оппозиция тарабында соғысып жүрген Украина азаматтарының санына қатысты сауалға жауап бере алмады. Алайда, олардың басым бөлігі қырым татарлары екендігін атап өтті.

«Олар (сириялық көтерілісшілер) өлген содырдың мүрдесін өртеп жібереді. Сондықтан да мұндай жағдайда статистика жүргізу мүмкін емес», — деді ол.