Сирия химиялық қаруын халықаралық қоғамдастыққа берсе, әскери операция жүргізілмейді.
«Башар Асад химиялық қаруларын тездетіп, алдағы апта ішінде халықаралық қоғамдастыққа берсе, шабуылдан құтыла алады», — деп Лондонда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлім етті.
Сонымен қатар, ол «Б.Асад химиялық қарудың бәрін тапсырып, толық есеп беруге құлықсыз» екенін де атап өтті.