Сирия мәселесі бойынша «Женева-2» қараша айында өтпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирия мәселесі бойынша «Женева-2» қараша айында өтпейді

Сирия мәселесі бойынша «Женева-2» қараша айында өтпейді

Биылғы қарашада Женевада өтуі тиіс Сирия бойынша халықаралық бейбіт конференция кейінге шегерілді. Бұл туралы ресейлік және америкалық дипломаттармен келіссөздерден кейін БҰҰ мен Араб елдері лигасының арнайы өкілі Лахдар Брахими мәлім етті, деп жазады ВВС.

  • 6 Қараша 2013
  • 374
Фото - Caravan.kz

Осы орайда Брахими аталған конференция жыл соңына қарай ұйымдастырылуына бар күш-жігерін салып жатқандығын жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, «Женева-2» конференциясына «оппозициялық топтардың қатысуы қажет пе?» деген мәселе бойынша сириялық оппозиция арасындағы келіспеушілік ең басты кедергілердің бірі болып отыр.

Сирия бойынша бейбіт конференцияны өткізу талпынысы қатысушылардың құрамын қалыптастыру аясындағы пікір алмасулармен қиындап отыр.


Мәселен, Ресей тарапы «Женева-2» шарасына Иран елінің қатысуын талап етуде.

Брахими 25 қарашада ресейлік және америкалық дипломаттармен қайта кездесетінін атап өтті.