шешек ауруына қарсы сапасыз вакцина егу салдарынан көз жұмған балалар саны 100-ге жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні БҰҰ Сириядағы өкілі Башар Джаафари хабарлады. Бұған дейін БАҚ-та 40 бала деп хабарланған болатын, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Бізге түскен мәлімет бойынша, 100 бала қаза тапқан», — деді дипломат. Джаафаридің сөзіне қарағанда, сапасыз вакцина Түркияда дайындалған. «Біз Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымына болған оқиғаны егжей-тегжейлі тексерулерін сұрадық», — деді ол.