Сириядағы химиялық қаруды жою бойынша жұмыс басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы химиялық қаруды жою бойынша жұмыс басталды

Сириядағы химиялық қаруды жою бойынша жұмыс басталды

 Бүгін Сириядағы химиялық қаруды жою бойынша жұмыс басталды, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.

  • 2 Қазан 2013
  • 298
Фото - Caravan.kz

Біріккен ұлттар ұйымының сарапшылар тобы тергеу ісін аяқтап, араб елінен кеткен болатын. Енді олар істің қорытындысы туралы есепті қазан айының аяғына қарай ұсынады. Біріккен ұлттар ұйымының ресми өкілі Мартин Несиркидің айтуынша, халықаралық қауымдастықтың алдында улы заттарды қолданғандарды анықтау міндеті тұрған жоқ. Бұл үшін Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдерден жаңа мандат берілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі 28 қыркүйекте Сириядағы химиялық қару бойынша қарарды қабылдады. Бұл құжат Сирия билігі мен оппозициясын жаппай қырып-жоятын қаруды жою жоспарын орындауға міндеттейді. Ал орындалмаған жағдайда, әскери күш қолданылады.