Сириядағы жиһадшы қазақтар жер жастанған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы жиһадшы қазақтар жер жастанған

Сириядағы жиһадшы қазақтар жер жастанған

Жиһад жасауға келген бір топ Қазақстан азаматын Сирия әскері қырып салған. Бұл туралы Араб және Батыс ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

  • 2 Қараша 2013
  • 918
Фото - Caravan.kz


Мәліметтерге қарағанда, Сирия президенті Башар Асадттың әскері Түркиямен шекарадағы Латакия қаласына басып кіріп, билікке қарсы бүлікті бастаған Әл-Қаиданың «Әл-Нұсра» тобын талқандаған. Әскерилер сол маңдағы Кандизи ауылын да атқылап содырлардың жағында жүрген Қазақстан мен Филиппиннен келген 76 жиһадшыны қырып салыпты. Салафиттік ағымды ұстанатын бір топ Қазақстан азаматының шиеттей бала-шағасымен Сириядағы соғысқа келгені туралы бұдан бұрын айтқанбыз. Оққа ұшқандардың қатарында бұлар бар ма жоқ па белгісіз. Еліміздің құзырлы органдары да әзірше үнсіз.