Маманның айтуынша, Сирияның астанасы — Даммаск қаласына әскери шабуыл жасалса, оқтар қала маңындағы ядролық зерттеулер орталығына тиіп қалуы әден мүмкін. Ал оның ішіндегі шағын реакторға зақым тиген жағдайда үлкен радиоактивті қауіп туындайды. «Аталған орталықта радиоактивті материалдар мен қалдықтармен жұмыс істейтін бөлім де бар. Ол қалдықтар барлық елден жиналып, сол жерге жеткізіледі. Сондықтан әскери соққы жасалса, оның радиоактивті салдары күшті болады», — дейді Р.Аратюнян. Оның сөзіне қарағанда,он мыңдаған кюрий радиоактивті заттар атмосфераға таралуы әбден мүмкін. Соның салдарынан 100 шақырымға дейінгі территорияға радиоактивті қауіп төнеді.