«Словакия Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтеруіміз қажет. Бұл үшін бізде барлық қажетті мүмкіндік бар»,- деді ҚР Президенті.
Бұл ретте Елбасы машина жасау, энергетика, көлік-коммуникациялық, инфрақұрылымдық, құрылыс, металлургия, химия өнеркәсібі салаларында бірлескен жобаларды іске асыру үшін Қазақстанның әлеуеті жеткілікті екендігін баса айтты.
«Словакиямен серіктестік қарым-қатынасымыз одан әрі дами түседі деп үміттенеміз», — деді Н.Назарбаев.