Солтүстік Ирландияда бей-берекетсіздік толастар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Ирландияда бей-берекетсіздік толастар емес

Солтүстік Ирландияда бей-берекетсіздік толастар емес

Солтүстік Ирландияның бас қаласы Белфаста 4 күннен бері бей-берекетсіздіктер толастар емес. Полиция аймақтың Ұлыбритания құрамында қалуын талап еткен топқа қарсы төтеп бере алмай отыр. Тәртіп сақшыларының 70-тен астам адамды құрықтағанына қарамастан көшедегі жағдай оңала қоймапты.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 300
Фото - Caravan.kz


Қазіргі уақытта ұсталғандардың 47-іне қатысты іс қозғалған. Ал қалғандарына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың басым бөлігі полицейлерге қарсылық көрсетіп, шөлмек, тас пен пиротехникалық заттар лақтырғандары үшін істі болып отыр. Қақтығыс барысында сондай-ақ 20-ға жуық тәртіп сақшысы жарақат алған. Даудың басы Ұлыбритания туына қатысты. Жергілікті билік енді байрақты мемлекеттік мекемелерде жыл бойы емес, тек мереке күндері ғана ілу туралы шешім шығарған. Бұған Ұлыбритания құрамында қалуды жақтаған ирландтар қарсы шығыпты.