Солтүстік Корея туристер үшін шекарасын жапты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Корея туристер үшін шекарасын жапты

Солтүстік Корея туристер үшін шекарасын жапты

Корея Халық Демократиялық Республикасы Эбола безгегінің таралуына байланысты шетел туристері үшін шекараны жабуды жоспарлаған еді. Солтүстік Кореяға жол 24 қазаннан жабылмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. 

  • 24 Қазан 2014
  • 303
Фото - Caravan.kz

Бұл шаралар туралы Қытайда жұмыс істейтін бірқатар туристік агенттіктер арқылы белгілі болды.

«Біз жаңалықты Пхеньяндағы әріптестерімізден естідік, бүгіннен бастап ол ел туристерді енгізбейді. Бұл Эбола вирусының таралу қаупіне қатысты сақтық шаралары» , — деп хабарлады агенттіктердің бірінен.

Онда тыйым туристің қай елде болған-болмағанын тексермей-ақ, барлық туристерге қатысты қолданылатыны айтылған. Бұл тыйым қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.