Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты шұғыл жиын өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты шұғыл жиын өтеді

Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты шұғыл жиын өтеді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-дың кезекті зымыран ұшыруына байланысты жұма күні шұғыл кеңес үшін жиналады. Бұл туралы ТАСС-қа БҰҰ дипломатиялық дереккөзі хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараты бойынша, отырыс 16 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 01:00-де өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, шақырылымға АҚШ пен Жапония бастамашылық еткен.

Айта кетейік, КХДР жұма күні кезекті баллистикалық зымыранды ұшырды. Ол Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралынан Тынық мұхитына қарай ұшып, Эримо мүйісінен шығысқа қарай 2,2 мың шақырым қашықтыққа құлаған.

Бұл 1998 жылдан бері КХДР-дың ұшырған зымыранының немесе оның бөлшектерінің Жапония аумағынан алтыншы рет ұшып өтуі. 


Жапония өкілдерінің пікірінше, КХДР құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыруы мүмкін еді, бірақ АҚШ Қарулы күштері Пхеньянның орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырғанын айтуда. 

Соңғы жаңалықтар