Солтүстік пен шығыста қар жаууы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік пен шығыста қар жаууы мүмкін

Солтүстік пен шығыста қар жаууы мүмкін

Қыс қыр астында! «Қазгидромет» ертеңнен бастап күннің тағы күрт салқындайтынын айтып, шұғыл ескерту жасады. Тіпті еліміздің біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, жұртты әбігерге салғалы тұр.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай мен Қарағанды облыстарында күн қатты суытпақ. Мұнда температура – 5 градусқа дейін төмендемекші. Сүйектен өтер қара суықтан тоңған орталықтың тұрғындары қыстық киімдерін қайта шығаруға мәжбүр. Ал жылу тек қазанның 15-не таяу берілетінін ескерсек, ызғардан қорғану үшін жұрт тоқ пештерін қосып амалдауға көшкен. Ал бірі бүрсеңдеп отырғанда, Оңтүстікте әдеттегідей күн райы шуақты. Жаңбыр да жоқ. Бірақ бұл өңірлерде қалың тұман түсіп, күшті жел тұруы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар