Жарияланды: 390

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын болып өтті

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде өңір басшысы Серік Біләлов Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын өткізді. Күн тәртібінде облыс орталығын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және қыс маусымына арнап көкөніс дайындау мәселелері талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдерін сатушылармен "Қызылжар" коммуналдық базарына өнім жеткізу жөніндегі келісім-шартының жобасы жасалды. "Облыс орталығы тұрғындарының жеміс-көкөніс өнімдеріне деген жылдық сұранысы 34 мың тоннаны, соның ішінде картопқа деген сұраныс - 18 мың тоннаны, сәбіз, қызылша мен пиязға деген сұраныс - әрқайсысы 4 мың тоннаны, қырыққабат - 5 мың тоннаны, қызанақ пен қияр - 1 мың тоннаны құрайды", -деді Петропавловск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тотыкамал Құлжанова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін