Жарияланды: 440

Солтүстік Қазақстан облыстық мал шаруашылығы ҒЗИ жаңа мәртебеге ие болды

Петропавловск. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық мал шаруашылығы ҒЗИ жаңа мәртебеге ие болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі институт директоры Қанат Мыңжасовқа сілтеме жасап.

"Алғаш рет 45 жылдық тарихында ҒЗИ жаңа атауға, тиісінше, жаңа мәртебеге ие болды. Ол енді Солтүстік Қазақстан облыстық мал және өсімдік шаруашылығын дамыту жөніндегі ҒЗИ" ЖШС деп аталады", - деді Қ. Мыңжасов. "ҒЗИ-да қажетті база қалыптасқан, мамандардың тиісті квалификациясы бар және еліміздегі үлкен ғылыми ортада мойындалған. Осы уақыттан бастап солтүстік қазақстандықтар өз айналасындағы бес облыстың ғылыми жұмыстарын атқара алады", - деді Қ. Мыңжасов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін