Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.
«Біз жиналған дәнді дақылдардың көлемін 97,2 пайыз деп бердік. Ал қар астында қалғаны 93 мың гектар. Мұны гектарына 15 центнер деп алатын болсақ, 144 мың тонна астық орылмай қалды. Бір тонна астықтың бағасы қанша екендігін білеміз. Оны 5 сұрып деп алып, тоннасын 30 мың теңгеден есептейтін болсақ, онда 550 млн. теңгенің астығы қар астында қалды деуге болады», — деді әкім.
Дегенмен, Е.Сұлтанов қар астында қалған бұл астықты жылқыдан қорғау үшін қосымша күштер тартылғанын, ал көктемде бұл дәнді дақылдар жиналатынын баса айтты.