Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарының 90%-ынан астық орылды
Петропавловск. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарының 3315,4 мың гектарынан астық дақылдары жиналды, бұл барлық егістіктердің 89,5% құрайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ауылшаруашылығы департаментіне сілтеме жасап. |
Департамент мәліметінше, 17 қыркүйектегі жағдаймен 4169,3 мың тонна астық бастырылып, орташа шығымдылық бір гектардан 13,1 центнерге жетті.
"Ең жоғары астық бастыру көрсеткішіне Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда қол жеткізіліп, ол - 93,9% болды, бұл сан ең аз аймақ - М. Жұмабаев атындағы аудан - 78%. Ең жоғары шығымдылық - бір гектардан 16,3 центнер астық М.Жұмабаев атындағы ауданда тіркелді", -дейді департамент.
Олардың мәліметінше, майлы дақылдар 61 мың гектар (54%), картоп - 9,8 гектар (38%), көкөніс - 2 мың гектар (43%) аумақтан жиналып, жалпы жиналған көкөністер көлемі бір гектардан 154 центнер орташы шығымдылық жағдайында 31 мың тоннаны құрады.
"Орақ науқанына 10 мыңнан астам комбайн тартылды, олардың басым бөлігін шаруашылықтар кейінгі 2 жылда сатып алған", -деп хабарлайды департаменттегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін