Солтүстік Қазақстан облысында ірі героин партиясымен Тәжікстандық әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ірі героин партиясымен  Тәжікстандық әйел ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында ірі героин партиясымен Тәжікстандық әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛОВСК. 3 тамыз. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысындағы "Петропавловск" станциясының кедендік бекетінің қызметкерлері Ресейге алып өтпек болған ірі героин партиясымен Тәжікстандық әйелді ұстады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Тамыз 2007
  • 370
Фото - Caravan.kz

41 жастағы Тәжікстандық әйел Красноярск — Симферополь бағыты бойынша жолға шыққан поездың вагонына отыратын сәтте ұсталды. «Жол жүру билетіне сәйкес әйел Петропавловск қаласынан Ресей Федерациясының Курган қаласына бет алған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кеденшілердің айтуынша, әйелдің қылықтары «күдік тудыруға байланысты» ол «жеке тексеруге шақырылған». Тұтқынның жүктерініің ішінен «орамалға жақсылап оралған» үш бума табылған, олардан «қою сары түсті жентек зат» шыққан. Сараптама бұл заттың героин және оның салмағы 1 кг 315 г екенін анықтады.

Ұсталған әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 250 бабының 1-тармағы және 259 бабы бойынша (есірткілік заттардың контрабандасы және оларды заңсыз сақтау) қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы алғанда 2007 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 45,6 кг есірткі, соның ішінде 15,1 кг марихуана, 30,6 кг героин мен 62 г гашишті заңсыз айналымнан шығарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті