Солтүстік Қазақстан облысында пара алу кезінде салық қызметінің шенеунігі тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында пара алу кезінде салық қызметінің шенеунігі тұтқындалды

Солтүстік Қазақстан облысында пара алу кезінде салық қызметінің шенеунігі тұтқындалды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында бопсалауға және пара алуға күдікті облыстық салық комитетінің бір бөлімшесінің бастығы тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің өкіліне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Салық қызметінің қызметкері жеке кәсіпкерден оның екі кәсіпорнында салықтық тексерулерді тоқтатып, оң шешімнің қабылдануы үшін ірі көлемдегі ақша бопсалаған», — деп хабарлады С. Мұстафин.

Оның айтуынша, жоғары шенді шенеунікті өткен сенбі күні өзінің көлігі жанында 5 мың АҚШ доллары мен 600 мың теңге алып жатқан кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тұтқындады.

Ол сондай-ақ, салықтық тексерулер ағымдағы жылдың 14 ақпанынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған президент жарлығын бұза отырып жүргізілген».

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілінің ақпаратына сүйенсек, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті