Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік отбасы автомобиль апатынан қазаға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік отбасы автомобиль апатынан қазаға ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік отбасы автомобиль апатынан қазаға ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында «Жезқазған-Петропавл» автожолында кеше, 29 шілдеде жол-көлік оқиғасы болды, соның салдарынан РФ азаматтарының отбасы қазаға ұшырады, деп хабарлады СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

  • 1 Тамыз 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік оқиғасының салдарынан қаза тапқандардың арасында Ресей Федерациясының 4 азаматы — 36 жастағы ерлі-зайыптылар және олардың 13 және 8 жастағы екі баласы бар. Тағы бір 22 жастағы жолаушы — қаза болғандардың туысы ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Өткен жұма күні таңғы сағат 5-тің шамасында Шал ақын ауданындағы Белоградовка ауылынан 12 шақырым жерде «Ниссан-Эрнесто» автомашинасының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1974 жылғы жүргізуші, 1975 жылғы әйел мен 1998 жылғы қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы дене жарақаттарымен жақын жердегі ауруханаға — Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылына жеткізді, алайда алған жарақаттарынан 8 жастағы қыз қайтыс болды. Ал 22 жастағы зардап шеккен азаматқа операция жасалды, қазір ол ауыр халде жатыр.

Қайғылы оқиғаға ұшырағандар — Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан Қазақстанға Қостанай облысының Рудный қаласындағы туыстарына келген. Олар елдеріне қайтып бара жатқан.

Полицейлердің алдын ала болжамдарына қарағанда, апат себебі жүргізушінің рульді басқара алмағандығынан болған. Жүргізуші қалғып кеткен немесе алаңдаулы болғанға ұқсайды. Апат болған жерді қарағанда, жолаушылар жол-көлік апаты кезінде қауіпсіздік белдігін тағынбағаны белгілі болды. Машина аударылғанда олар автомашинаның терезесінен сыртқа ұшып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар