Солтүстік Қазақстан облысында селоның екі тұрғыны бруцеллез жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында селоның екі тұрғыны бруцеллез жұқтырды

Солтүстік Қазақстан облысында селоның екі тұрғыны бруцеллез жұқтырды

Қызылжар ауданы Семей селосының екі тұрғыны ауру малдан бруцеллез жұқтырған сыңайлы.

  • 28 Мамыр 2015
  • 680
Фото - Caravan.kz


"Бүгінгі күнге қарағанда селоның екі тұрғынынан алынған қан оң реакция берді. Дәрігерлер оларды тағы бір рет тексеріп көреді, бірақ ауру малдың иелері бруцеллез жұқтырды деген күдік бар», деді ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Владимир Корабельников.
Оның айтуынша, ірі қара мал арасында бруцеллез өршігендіктен Семей селосында 14-сәуір күні карантин енгізілген, 173 сиыр тексерілген, оның 34-нен бруцеллез шыққан.Ауру мал 27-мамырға дейін жойылуға тиіс еді, алайда әлі де селода ауру 11 сиыр қалып отыр.
В.Корабельниковтің айтуынша, село тұрғындары малды өткізуден бас тартып отыр, мал ауру емес, деп айтуда.
"Бірнеше адам әкімшілік  құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 406 бабына  (ветеринария саласы бойынша) жауапқа тартылатын болады, деді В.Корабельников.