Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен екі бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен екі бала қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен екі бала қаза тапты

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен екі бала қаза тауып, тағы бір әйел түрлі дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2007
  • 324
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылында 29-наурызда 2 сағат 50 минутта жер үйде 100 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 7 және 11 жастағы екі қыздың мәйіттері табылды. 56 жастағы бір әйел түрлі дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы 6 сағат 30 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті