Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасының орындалу қарқынының баяулығын сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасының орындалу қарқынының баяулығын сынады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасының орындалу қарқынының баяулығын сынады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Анатолий Смирнов аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасының орындалу қарқынының баяулығын қатаң сынады. Биылғы түсім жинау науқанында ірі көлемде астық жинаған Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі жағдаймен мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасын небәрі 10 процентке ғана орындап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қазан 2003
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл жерде әңгіме еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында болып отырғанын ескерткен облыс әкімі аудан әкімдеріне аталмыш тапсырманың орындалуы олардың тікелей жауапкершілігінде екенін еске салды. Ол биылғы егіннің бітік шығуы мемлекеттік қолдауға тікелей қатысты екенін тағы бір ескертіп өтті. Мәселен, тек биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларына көмек ретінде бюджеттен 5 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, А.Смирнов аудан әкімдерінен мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасын 25-қазанға дейін орындауды қатаң талап етті.

Соңғы жаңалықтар