Жарияланды: 450

Соңғы он жылда Қазақстанда туберкулезбен науқастану деңгейі төмендеген

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы он жылда Қазақстанда халықтың туберкулезбен науқастану деңгейінің 47,5% төмендегендігін атап өтуде.

"Соңғы он жылда халықтың туберкулезбен науқастану деңгейі көрсеткіші 47,5% төмендеді, яғни 2011 жылы 100 мың адамға 86,6 болса, 2001 жылы көрсеткіш 165,1 болатын ", деп атап өтілген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен жұмада таралған хабарламасында. 2011 жылдың нәтижелері бойынша елімізде туберкулезден қаза болу көрсеткіші 65,3% төмендеп, 8,4 құрады, 2002 жылғысы 24,2 болатын, делінген онда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін