Жарияланды: 1300

Соңғы уақытта қабылданған жекелеген заңдар әкімшілік қысымды күшейтуге бағытталған - кәсіпкерлер форумының жетекшісі

"Соңғы уақытта қабылданған әрі бизнес үшін айрықша маңызды жекелеген заңдар әкімшілік қысымды және бюрократияны мейлінше күшейтуге бағытталған". Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген осы бас қосудың төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді.

Оның айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекс кәсіпкерлер қауымының басым бөлігінің қатаң сынына ұшырады. "Бұл заң сыбайлас жемқорлық пен шенеуніктердің озбырлығын өршітуге кең мүмкіндіктер ашады, кодекстің жекелеген нормалары нақты ашық дәйектелмеген, әртүрлі айыппұлдар салу және баламалы жазалар жүктеу мүмкіндігі арттырылған, ал кейбір айыпұл санкцияларының шектен шыққаны соншалық, кәсіпкерлерді біржола тұралатуға бағытталған",- деді Р.Баталов. Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы сондай-ақ, Кодекстің кейбір баптарындағы анықтамалардың екіұштылығынан қылмыстық жазаға лайық әрекеттер мен әкімшілік сипаттағы жеңіл кінәлардың ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік бермейді деп атап көрсетті. "Бұл шенеуніктерге жауапкершілікті әкімшілік сипаттан қылмыстық сипатқа қарай аудара салуға жол ашады",- деп пайымдайды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін