Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру байқалған жоқ - мәжіліс депутаты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру  байқалған жоқ - мәжіліс депутаты

Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру байқалған жоқ - мәжіліс депутаты

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру байқалған жоқ. Бұл жөнінде кеше "Аймақ" депутаттар тобының мәжілісінде топ жетекшісі Дариға Назарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 29 Наурыз 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Сараптама қорытындылары мен әлеуметтік экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі, республика экономикасының жеделдетілген диверсификация және бәсекелестік жолында дамымағанын көрсетеді»-деді Д.Назарбаева. «Байқағанымыз шын мәнісінде ІЖӨ құрылымында тауар өндіру көлемі төмендеп барады. Тауар экспорты құрылымында минералды өнімдердің үлесі басым-71,9%, ал шикізаттық емес тауарлардың үлесі 6-7%»,-деді депутат.

«Әсіресе өткір тұрған мәселе отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту»,- деді Д.Назарбаева. «Соңғы жылдары капитал елден жылыстауда. Инвестициялар бизнеске жеңілдік жасалған көрші нарыққа кетіп жатыр», деді ол.

Сонымен қатар, » инфляция деңгейі орташа алғанда 2006 жылы 8,6% құрады, ал жоспарланғаны 5-7%, коммуналдық қызметтердің тарифтері мен баға өсіп барады.

«Үкімет 2005-2006 жылдары жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейткен жоқ. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары небәрі 20% өсті. Сарапшылардың пікірінше күнкөріс деңгейі 20 мың теңгеден кем болмауы тиіс»,-деп атап өтті Д.Назарбаева.

Депутат өз сөзін, «жалпы алғанда мемлекеттің соңғы үш жылдағы экономикалық көрсеткіштері көңіл көншітерлік емес»,- деп қорытындылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті