Соңғы жылдары Томс облысы мен Қазақстан өңірлері арасындағы тауар айналымы 5 еседен астам ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы жылдары Томс облысы мен Қазақстан өңірлері арасындағы тауар айналымы 5 еседен астам ұлғайды

Соңғы жылдары Томс облысы мен Қазақстан өңірлері арасындағы тауар айналымы 5 еседен астам ұлғайды

Астана. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Соңғы жылдары Томс облысы мен Қазақстан өңірлері арасындағы тауар айналымы 5 еседен астам ұлғайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей Федерациясы Томск облысының губернаторы Виктор Кресстің кездесуінде ресейлік губернатор осылай деді, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Наурыз 2008
  • 560
Фото - Caravan.kz

Тараптар Қазақстан мен Ресей Федерациясының өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамту жөніндегі бірқатар мәселені талқылады.

«Соңғы жылдары Томс облысы мен қазақстандық өңір арасындағы тауар айналымы 5 еседен астам көлемге ұлғайды. Ынтымақтастықтың даму қарқыны көптеген бағыттар бойынша жоғары, бірақ бизнес-қоғамдастық, біздің білуімізше, үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі кездесу осы қатынастарды дамытуды жеделдетіп, оған жаңа серпін береді, — деді В. Кресс.

Атап айтқанда, Томск облысының губернаторы мал шаруашылығы, азық-түлік және астық өнімдерін сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Сонымен бірге, ол маман дайындау және ағартушылық қызмет экспорты саласында өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында премьер-министр екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты нығайту Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызмет ететініне сенімін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті