"Сорос-Қазақстан" қоры еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға 200 мыңнан астам доллар көлемінде грант бөлгелі отыр
"Сорос-Қазақстан" қоры еліміздегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға 200 мыңнан астам доллар көлемінде грант бөлгелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қордың қамқоршылар кеңесінен хабарлады. |
Бұл гранттар елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, білім беру, мәдениет және БАҚ-тарды қолдау бағытындағы бағдарламаларға бөлінеді.
Қор тарапынан қаржыландырылып отырған тағы бір жоба - қоғамдық белсенділігі жоғары ауыл мектептерін қолдау жобасы болып табылады. "Мектеп- жергілікті қоғамдастық орталығы" деп аталған ашық байқаудың нәтижесінде еліміздің 8 аймағынан 19 мектепке жалпы көлемі 112 мың доллардың гранты бөлінді.
Сондай-ақ, "Сорос-Қазақстан" қоры Махмуд Әл-Қашғаридің "Диван Лугат ат-Турк" атты үш томдық шығармалар жинағын қаржыландырады.
"Сорос-Қазақстан" қоры Қазақстанда 1995-жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы мерзімде қор еліміздің үкіметтік емес ұйымдарына 30 млн.-нан астам доллардың қаржысын бөлді. Қор азаматтық қоғамды дамыту саласындағы қоғамдық ұйымдардан бастап, шағын және орта бизнес және "үшінші сектор", мәдениет және БАҚ саласын қолдайды .
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін