Жарияланды: 50

Сот 24 әйел алып, 149 баланың әкесі атанған ер адамды жазалады

Сот 24 әйел алып, 149 баланың әкесі атанған ер адамды жазалады

Сот 61 жастағы Уинстон Блэкморды 24 әйелмен үйленгені үшін және 53 жастағы күйеу баласы Джеймс Олерді 5 әйел алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Канаданың Британдық Колумбия провинциясының жоғарғы соты 61 жастағы ер адамды жазалады.

Блэкмор 6 жылға үйқамаққа алынды. Ол жұмысы мен дәрігерге бара алады. Олерге дәл сондай жазаны үш айға тағайындады. Біріншісіне 150 сағат қоғамдық жұмыс, екіншісі 75 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді. Олар 12 ай бойы полицей бөлімшесіне барып тұрулары керек.

Айыпталушылардың әйелдерінің бірі үйленер кезде 15 жасқа әрең толған.

«Ешқандай жаза оның діни көзқарасын өзгерте алмайтынын және ісі үшін өкінбейтінін айтты», – деді сот төрешісі.

Ольер және Блэкмор 1946 жылы құрылған және 1500 полигамия жақтаушысын біріктіретін Бонифолл кентінде тұрады. Олар тамақтарын өздері тауып күн көреді.

Бұрынғы шақта екі айыпталушы да Иисус Христ шіркеуінде епископ болған.

Сот залында Блэкмордың 10 шақты жаутаушысы болды. Үкім оқылғанда олардың бәрі көзіне жас алды.

Канадада ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан айыру.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін