Сот бала өліміне күдікті қызға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот бала өліміне күдікті қызға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті

Сот бала өліміне күдікті қызға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті

 

  • 22 Қыркүйек 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып-соғып, өлтірді деген күдікке ілінген 23 жастағы қызға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

12 қыркүйекте Талдықорғандағы ауруханалардың біріне соққыға жығылған үш жасар бала жеткізілді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, өкінішке қарай бала көз жұмды. Полицейлер 23 жастағы қыздың анасы екеуі бала мен оның бір жасар бауырына бас-көз болғанын анықтады.

Бойжеткен алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірақ артынша қалалық сот оны үйқамақта ұстауға санкция берді.

Ал прокуратура полицияның күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қолдап, сот шешіміне наразылық білдірді.


"Полицияның өтінішін қолдап, қылмыстың ауыр санатқа жататынын ескере отырып, біз бұл шешімге жеке наразылық білдірдік. Бүгін ол сотта қаралды. Күдікті қайтадан сот залында қамауға алынып, қала полициясының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", — деді Талдықорған қаласының прокуроры Бақытжан Әшеев.

Соңғы жаңалықтар