Сот қызметкерлері 10 млн. теңгеге Халық банкінің түбіртектерін қолдан жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот қызметкерлері 10 млн. теңгеге Халық банкінің түбіртектерін қолдан жасаған

Сот қызметкерлері 10 млн. теңгеге Халық банкінің түбіртектерін қолдан жасаған

Астана қаласы бойынша МКД алаяқтық және «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның түбіртектерін қолдан жасау фактілеріне қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқтады.

  • 20 Қазан 2015
  • 476
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен хабаралды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, бұл құқық бұзушылықты төрт адам жасаған, оның ішінде екеуі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жұмыс істеген. Бұл адамдар сот ғимаратында және оның жанында тұрған жеке тұлғалардан сот тағайындаған әкімшілік айыппұлдарды төлегені туралы түбіртекті ақшалай сыйақыға беруді сұраған. Азаматтар келіскеннен кейін күдіктілер ноутбукты, принтерді және «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның деректемелері жазылған лентаны пайдалану арқылы өздері түбіртек дайындаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жалпы сомасы 10 647 180 теңге 329 түбіртек қолдан жасалғаны  белгілі болды.


Қылмыстық қудалау органы 4 күдіктінің әрекетін ҚК 177-бабының 2-бөлімі «а,б,в» тармақтары, 325-бабының 2-бөлімі (1997 жылғы редакцияда), 190-бабының 2-бөлімі 1,2,3-тармақтары, 385-бабының 2-бөлімі, 390-бабының 2-бөлімі, 190-бабының 2-бөлімі, 1,2-тармақтары, 28-бабының 5-бөлімі, 390-бабының 2-бөлімі бойынша саралады.

Қала прокуратурасы аталмыш қылмыстық істі ҚПК 305-бабының тәртібінде сотқа жолдады.

Соңғы жаңалықтар