Сотталғандар енді ақталмайды. Рақымшылықтың да шегі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталғандар енді ақталмайды. Рақымшылықтың да шегі бар

Сотталғандар енді ақталмайды. Рақымшылықтың да шегі бар

Енді сотталғандарға бостандықтан үмітін үзуіне тура келеді. Өйткені тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған рақымшылық бүгіннен бастап тоқтатылды.

  • 22 Маусым 2017
  • 857
Фото - Caravan.kz

Тура 6 айға жалғасқан науқан кезінде 1200 сотталушы босап шыққан. Екі мыңнан астам жазасын өтеушінің уақыты қысқартылды. Тағы шартты  мерзімге сотталған 7 мыңға жуық адам ақталған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ аса қауіпті қылмыскерлер: террорист, экстремистер мен педофилдер бұндай мемлекеттің шарапатынан құр қалғанын айта кетейік. Ал рақымшылыққа іліккендердің арасында "Экспо ісі" бойынша абақтыға қамалған атышулы Қажымұрат Үсенов бар. Миллиондап ауызбастырық алған бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраевқа да кешірім жасалды. Тар қапастан босап немесе жазасы қысқартылған лазауазымды шенеуніктердің саны ондап саналады. Айта кету керек, бұл елімізде жасалған 9-шы рақымшылық. Ал түрмеден шыққандардың шығынын мемлекет өз мойнына алған.

— Материалдық әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіледі. Яғни киім-кешек, жол жүру ақысын төлейді. Медициналық көмек көрсету, — дейді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Аглая Тұрланова.


Соңғы жаңалықтар