Сотталғандарға электронды білезік алу үшін бюджеттен мол қаржы бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталғандарға электронды білезік алу үшін бюджеттен мол қаржы бөлінді

Сотталғандарға электронды білезік алу үшін бюджеттен мол қаржы бөлінді

Сотталғандарға электронды білезік алу үшін бюджеттен 2 жарым миллиард теңге бөлінбек. Енді Ішкі Істер министрлігішартты түрде сотталған және мерзімінен бұрын босатылғандардың қолына электронды білезік тағып жібермекші.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz


Әр білезіктің құны 70 мың теңге көлемінде. Оны түрмеде отырғандар емес, жазасын шартты түрде өтейтіндер киеді. Бұл Батыс елдерінен алынған тәжірбие. Енді полицейлер де, шетелдік әріптестері секілді шартты жазаға тартылып үйінде жүргендерді сырттай бақылап отырмақ. Тіпті, олардың жүріп-тұратын, жұмысқа баратын картасына дейін жасап, көзден таса қылмайды. Ішкі Істер министрлігі электронды білезік салу арқылы түрмелерді босатпақ. Өйткені, қазір Қазақстан абақтыда отырған адамдар саны бойынша әлемде  35-ші орын тұр.