"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің экипажы Байқоңырдағы ұшырылымға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің экипажы Байқоңырдағы ұшырылымға дайындалуда

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің экипажы Байқоңырдағы ұшырылымға дайындалуда

Байқоңыр. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің экипажы Жұлдызды қалашығында Байқоңырдағы ұшырылымға дайындалуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып

  • 25 Наурыз 2008
  • 539
Фото - Caravan.kz

Негізгі және қосалқы ғарышкерлер экипажы ғарыш айлағына 26 наурызда келеді деп күтілуде.

«Союз ТМА-12» негізгі экипажының құрамына ХҒС командирі, «Союз ТМА-12» командирі — Сергей Волков (Ресей Федерациясы), бортинженер, «Союз ТМА-12» бортинженері — Олег Кононенко (Ресей Федерациясы), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Йи Сойон (Корея Республикасы), сондай-ақ, дублерлер- Михаил Сураев (Ресей Федерациясы), Олег Скрипочка (Ресей Федерациясы) және ғарыштық ұшырылымның қатысушысы Сан Ко (Корея Республикасы) қорытынды дайындық жұмыстарына кірісіп, оны өткізу кезінде ұшырылатын ғарыш кемесінің ішінде жаттығуларды жасап, скафандрлер мен ұшырылым орындықтарын тексеріп көретін болады.

Қазіргі уақытта «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің ұшырылымға дайындық жұмыстары ақталуда. Кеме қозғалтқыш құрылғысын жанармай компоненттерімен толтыру жұмыстарына дайындалуда.

№112 алаңның монтаж-сынақ корпусында федералдық ғарыш орталығы, бас кәсіпорын және Самараның «ЦСКБ-Прогресс» кәсіпорын филиалының мамандары Союз-ФГ» зымыран тасығышының қорытынды дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оның көмегімен «Союз ТМА-12» ғарыш кемесі ғарышқа шығарылады.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесін ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне белгіленген.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажын жеткізбек. Ол экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко және 14-ші экспедиция мүшесі Корея Республикасының азаматшасы Йи Сойон кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті