Жарияланды: 480

"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңына шығарылды

"Союз-ТМА-3" ғарыш кораблімен түйістірілген "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы бүгін, 16-қазанда Байқоңыр ғарыш айлағының құрастыру және сынақ корпусынан ұшу алаңына шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Росавиакосмос агенттігінің ресми сайтында жарияланған хабарламадан мәлім болды.

Экипаж құрамында Ресейлік ғарышкер Александр Калери, НАСА астронавты Майкл Фоэл, Еуропалық ғарыштық агенттігінің ғарышкері, испандық Педро Дукелерді алып ұшатын пилотты ғарыш кемесін Халықаралық Ғарыш станциясына ұшыру 18-қазан, сенбіге белгіленген. "Союз-ТМА-3" ғарыш кемесі- ресейлік констукторлардың ең соңғы туындысы. Бұған дейінгі үлгілерден оның айырмашылығы, ғарыш кемесі соңғы дәуірдің комьютерлік басқару тетігімен жабдықталып, кеме ішіндегі жағдай мейлінше жанға жайластырылған. Онда тіпті бойы 2 метрлік алып ғарышкерлердің өзін Халықаралық Ғарыш станциясына жанын қинамай жеткізетін жаңа орындық-ложементтер орнатылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін