Сейсенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-ФГ» зымыранын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. Ол «Союз ТМА-11М» кемесін орбитаға шығаруы тиіс.
Ақпарат көзінің айтуынша, арнайы бригада зымыранға 2014 жылғы Олимпиада белгісін жапсырып жатыр.
Бұл жұмыс осы аптаның соңына дейін жалғасын таппақ.
Оның айтуынша, 38/39-экспедиция мүшелерін ХҒС-на жеткізетін «Союз ТМА-11М» кемесі Байқоңырдан 7-қарашада ұшырылуы тиіс.