"Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды

"Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды

Байқоңыр. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана уақытымен сағат 09.36-да бүгін "Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласынан солтүстікке қарай 90 шақырымға белгіленген ауданға келіп қонды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағынадғы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 24 Қазан 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Союз-ТМА-12» кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко мен ғарыштық турист Ричард Гэрриотты алып Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды.

Ғарышкерлердің қонуын 3 ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы, 6 іздестіру-көшіру машинасы мен 9 қосалқы техника қамтамасыз етті.

Іздестіру-құтқару тобының мәліметінше, С. Волков, О. Кононенко мен Р. Гэрриот өздерін жақсы сезінуде. Экипаж тікұшақтармен Астанаға, сосын сауықтыру курсынан өту үшін Жұлдыздар қалашығына жеткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар