Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Ташкентте шахматтан Әлем кубогының аймақтық іріктеу кезеңінің алғашқы туры өтті.

  • 11 Маусым 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Жарыс нәтижесінде жеңіске жеткен гроссмейстерлер әлемдік доданың ақтық сынына жолдама алады. Қазақстандық шахматшылардың ішінен Мұртас Қажғалиев, Кирилл Кудиренко, Әлібек Егембергенов және Берік Ақкөзов қарсыласын  шыдаптады.

Атақты жамайкалық желаяқ, әлемдік рекордтың иегері Усеин Болт 200 метр қашықтыққа жүгіруде маусымның үздік нәтижесін көрсетті. Бұл — Норвегияның Осло қаласында өткен “Гаухартас лигасының” 5-ші кезеңіндегі көрсеткіш.

Болттың нәтижесі — 19,86 секунд. Ол айқын басымдықпен жергілікті спортшы Джейсум Сайди Ндурені басып озды, үшінші болып тағы бір жамайкалық желаяқ Марио Форсайт келді. Дәл осы қашықтықта Болт әлемдік рекордты 2009 жылдың тамызында Берлинде өткен әлем чемпионатында орнатқан. Әйелдер арасындағы 800 метрлік сында марокколық Халима Хачлав үздік шықса, ресейлік Марина Савинова — екінші, оңтүстік африкалық Кастер Семенья — үшінші орында. 5000 метрге жүгіруде барлық жүлдені эфиопиялықтар иеленді. Олар: Мезерет Дефар, Сентайеху Эджигу, Гензебе Дибаба.

Теннистен Данияның Ашық біріншілігінде іріктеу сыннан сүрінбей өтіп, алғашқы айналымда да жеңіске жеткен қазақстандық Галина Воскобоева жарыс жолынан тыс қалды.

Копенгагендегі турнирдің 2-ші айналымында ол қытайлық  Чжан Шуайға 3:6, 6:2, 3:6 есебімен есе жіберді.

Жақында ғана “Ролан Гарросты” 6 -мәрте жеңіп алған Рафаэль  Надаль Лондондағы турнирде ширек финалға жол тартты. Жарыстың 3-ші айналымында испандық теннисші чех Радек Штепанекті тізе бүктірді.

Әлемнің  бірінші  ракеткасы алғашқы сетте 6:3 есебімен басымдық танытқанымен, екінші кезеңде 5:3 есебімен жеңіп келе жатқан жерінен қатарынан  төрт сет ұтылды. Алайда  үшінші сетте 6:1 есебімен айласын асырды. Енді  жартылай финалдық жолдама үшін Надаль француз Жо-Уилфред Тсонгомен күш байқасады. Ал соңғы кездері аяқ жарақатынан қиналып жүрген британдық Энди Маррей серб Янко Типсаревичпен кездесуде өзін жақсы сезінгенін айтады. Керемет ойын өрнегін ортаға салған Маррей 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Оның ендігі қарсыласы хорват Марин Чилич.


Мексика құрамасының 5 ойыншысы командадан шығарылды.  АҚШ-тағы “Алтын кубок” жарысында өнер көрсетіп жатқан ұлттық құраманың бұл   аяқдопшыларының қанынан тыйым салынған дәрілер анықталған.

Месика командасының өкілдері ойыншыларының ағзасына допинг кездейсоқ, яғни тамақ арқылы енді деп отыр. Қақпашы Гильермо Очо, қорғаушылар Эдгар Дуэнас және Франсиско Родригес, сонымен қатар жартылай қорғаушылар Кристиан Бермудес пен Антонио Нельсон допинг сыннан өте алмаған. Мексика елінің Футбол федерациясы әзірше қатаң жаза қолданбай, тергеу жұмысын бастауды жөн санады. Ал  бұл оқиға “Алтын кубоктың” барысына да әсер етуі ықтимал. Өйткені алғашқы ойында мексикандықтар 5:0 есебімен Сальвадорды ойсырата ұтқан.

Соңғы жаңалықтар