СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Су добынан Қазақстанның ерлер құрама командасы Қытайда өтіп жатқан әлем чемпионатын 13-орынмен аяқтады.  Соңғы матчта жерлестеріміз  9:7 есебімен Бразилиядан басым түсті. Өз кезегінде 11-орын үшін өткен матчта Бразилияға жол берген еліміздің әйелдер құрамасы 12- орынды місе қылды. 

  • 27 Шiлде 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

Өз елінде  өткен  Америка кубогі жолындағы  додада  сылбыр өнер көрсеткен  Аргентина ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Серхио Батиста қызметінен кетті. Мән-жайды зерттей келген Ұлттық құрама жөніндегі комиссия бапкермен екіжақты келісім шартты бұзуды жөн санаған.

Былтырғы  Әлем чемпионатынан кейін  сол кездегі Ұлттық құраманың  бас жаттықтырушысы  Марадонаны алмастырған Батиста да Аргентина футболының абыройын асқақтата алмады.  Сонымен қатар   құраманың спорт жөніндегі директоры Карлос Билардоның жылы орнында қалуы екіталай болып тұр. Осы жәйттердің нәтижесінде   Румыниямен тамыз айына жоспарланған жолдастық матч та кейінге  шегерілді. “Аузы күйген үрлеп ішеді ” демекші Аргентина футбол  федерациясы ұлттық құраманың  ендігі  бас бапкерін тағайындауға асықпайтын сыңай танытып отыр.

Каталондық «Барселона» жаңа ойыншымен толықты. Жақында «Ромаға» ауысқан Боян Кркичтың орнын енді Чили құрамасының футболшысы Алексис Санчес басты.

«Барселона » 23 жасар Санчесті өз сапында көру үшін италиялық  «Удинезенің» есеп шотына 37 миллион евро аударыпты. Ал өз кезегінде сөз алған Санчес әлемге танымал «Барселонада» ойнауды бала кезінен армандағанын және сол мақсаттың үдесіне жеткеніне қуанышты екенін жайып салды.  Сондай ақ негізгі құрама сапында Хави, Месси сияқты аяқдоп шеберлерімен тең ойнауға тырысатынын айтты. Чилилік жартылай қорғаушы  жасыл алаңға  9 – номірмен шығады.      

Түрік футболы жемқорлықтың зардабын көріп жатыр. Өткен маусымда бірнеше клубқа өзара келісілген кездесу өткізді деген айып тағылған болатын.


Сол мәселеге қатысты бүгінге дейін 60- қа жуық адам қамауға алынды. Ал Түрік футбол федерациясы мәселе түбегейлі шешілгенше біріншілікті бір айға кейінге қалдырды. Бастапқыда чемпионат 6- тамызда басталатын болған. Алайда футбол төңірегіндегі дау-дамай жақын арада біте қояр түрі жоқ. Жаңа маусым қыркүйектің 9- на жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетсек стамбулдық «Фенербахченің»  қожайындары  бірнеше кездесудің тағдырын ақшамен шешкені әшкереленіп кейін, араға полиция араласқан. Егер стамбулдық клубтың айыбы дәлелденсе, онда олар чемпиондар лигасына қатысу құқығынан айырылады.    

Астана шаршы алаңында жасөсіпрімдер арасында әлем чемпионаты жалғасын табуда.Үшінші жарыс күні шаршы алаңға көтерілген жас боксшыларымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды. Ерболат Ермеков үндістандық қарсыласына жол берсе, Рауан Затулла беларусь Эдуард Вахадан аса алмады. 

Соңғы жаңалықтар