СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2015-ші жылғы Европа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Франциядан оңбай ұтылды.

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 342
Фото - Caravan.kz

Алғашқы минуттан үлкен күшпен шабуылдаған алаң иелері не бары 10-шы минутта Жордан Ферридің көмегімен есеп ашты. Арада жеті минут өткенде таблодағы есеп 3:0 ге жетті. Гол авторлары Поль-Жоржа мен Антони Мартьяль. Үзілістен кейін француздар Стас Покалатилов қақпасына тағы қос доп тоғытты. Қортынды есеп 5:0 Францияның пайдасында. Бұл сәтсіздіктен кейін біздің команда өз тобында 4-ші орынға сырғыды.

 

 

Ал бірнеше минуттан кейін футболдан біздің ұлттық құрама ойыншылары 2014-ші жылғы әлем чемпионатына іріктеу раунды аясында Фарер құрамасына қарсы ойнайды. 6 кездесуден кейін әзірге Мираслав Беранек шәкірттерінің еншісінде тек 1 ұпай.     

 

 

Шайбалы хоккейден континенталдық лиганың жаңа маусымы басталуға екі күн қалды. Биыл алдына жоғары мақсат қойып отырған Астананың “Барысы” да соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Қазірде клуб басшылығы команда капитаны және оның көмекшілерін тағайындады. Екінші жыл қатарынан тәжірибелі Дмитрий Уппер капитан болып таңдалды. Ал “Барыс” шабуылшысы Илья Соларев екі жылға хоккейден аластатылды. Халықаралық хоккей федерациясы Қазақстан құрамасының ойыншысына допинг қабылдады деген айып тақты. Енді Соларев 2015 жылдың шілдесіне дейін ресми матчтарға қатыса алмайды.                

 


 

Осы күндері Алматыда теннистен Қазақстан чемпионаты өтуде.

Биылғы ел біріншілігіне барлық қалалардың үздік спортшылары қатысуда. Олардың арасында халықаралық жарыстарда шеберлігін шыңдап жүргендер аз емес. Олимпиадалық жүйемен өткізіліп жатқан бәсекеде тек үздіктер қалды. Ерлер арасында Денис Евсеев пен Дмитрий Попко финалға жолдама алса, Александра Гринчишина мен Анастасия Епишева қыздар арасында бас жүлдені сарапқа салмақ. Ақтық кездесулер ертеңге жоспарланған.