Алғашқы кезеңде Дастин Бойд есеп ашқан. Үзілістен кейін де ширақ қыймылдаған астаналықтар Брэндон Боченски, Федор Полищук, Михаил Рахманов, Дмитрий Уппер сынды жигіттердің көмегімен қарсыласты тас талқан етті. Чемпионатты сәтті бастаған “Барыс” келесі кездесуін ертең Ярославльдың “Локомативына” қарсы өткізбек.
Беларусь теннисшісі Виктория Азаренко үшін Серена Уильямс алынбайтын қамал болып тұр. Өйткені «Үлкен Дулыға» аясындағы турнирлерде үнемі кіші Уильямс жеңіске жетіп келеді. АҚШ-тың биылғы ашық чемпионатында былтырғы сценарий тағы да қайталанды.
Финалға дейін қарсыластарына дес бермей келген Серена мен Виктория бас жүлдені өзара сарапқа салды. Алғашқы сетте Серенаның мерейі үстем болса, аса шиеленісті өткен екінші кезеңде беларусь қызы жеңісті жұлып кетті. Бірақ жеме-жемге келгенде ширақ қимылға кіріскен Серена үшінші сетті 6:1 есебімен айқын ұтты. Әлемнің бірінші ракеткасы осымен «Үлкен Дулығаға» қарайтын жарыстардың он жеті дүркін чемпионы атанып отыр.
«Вуэльтаға» қатысушылар жексенбі күні бірінші категориялы асу Пейрагурдты бағындырды. Төрт бірдей асудан тұратын 225 шақырымдық жарыс жолы велошабандоздарға оңай тимеді. Бұл сөзімізге сегіз бірдей велошабандоздың жарыстан шығып қалғаны жақсы дәлел.
Алғашқы асудан кейін-ақ отыз шақты майталман пелетонды тастап шықты. Уақыт өте әлгі отыздың арасынан сытылып шыққан алтауы көмбеге қарай жөңкіле жөнелді. Көп ұзамай олардың ішінен де бір мықты бой көрсетті. Кейіннен белгілі болғандай бұл мықтымыз бүгінгі кезеңнің жеңімпазы француз Александр Женье болып шықты. Қасындағы жолсеріктеріне қарасын көрсетпей кете барған Женье мәре сызығын бірінші қиды. Жеңімпазға 3 минут 3 секунд ұтылған италиялық Микеле Скарпони екінші, ал ирландиялық Николас Роч үшінші нәтиже көрсетті. 15-кезеңнің қорытындысы жалпы есептегі жағдайға әсерін тигізге қойған жоқ. «Астананың» капитаны Винченцо Нибали лидердің қызыл жейдесін сақтап қалды.