СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Дортмундтық “Боруссия” шабуылшысы Роберт Левандовский жаңа жылдан кейін “Баварияға” ауыспақ. 25 жастағы талантты футболшы мюнхендік клубқа жазда қоныс аудару керек болған.

  • 26 Қыркүйек 2013
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бірақ “Боруссия” басшылығы Польша құрамасының ойыншысы сатылмайтынын жеткізген. Енді 2014-ші жылдың басында Левандовский “Боруссияның” Бундеслигадағы бітіспес қарсыласы саналатын “Бавария” жейдесін кимек. 4 жылға жоспарланған келісім шартқа да сол кезде қол қойылады деп күтүлуде. Футболшының өзі бұл ақпаратты растап отыр. Әзірге шабуылшының трансферлық құны белгісіз.

 

 

Станбулдың “Галатасарай” клубы бас бапкер Фатих Теримді қызметінен босатты. Клуб басшылығы жаттықтырушының жұмысына көңілі толмаған.

Ішкі чемпионатта сәтсіз өнер көрсетіп жатқан “Галатасарай” чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде мадридттық “Реалға” 6:1 есебімен ойсырай жеңілген. Бейресми ақпаратқа сәйкес түркиялық клуб тізгінін жақында Роберто Манчини ұстауы мүмкін. Ал чемпиондар лигасы аясында “Наполи” мен дортмундттық “Боруссия” арасындағы матчта төрешіге дауыс көтерген  Юрген Клопп жазасыз қалмады. Енді 46 жастағы жаттықтырушы “Марсельге” қарсы өтетін кездесуде командасынан жырақта отырмақ. Сондай-ақ УЕФА комиссиясы оған көлемді айыппұл салуды да қарасытырып жатыр.

 


 

Алматыда дзюдодан әлемдік гран-при алдында халықаралық дзюдо федерациясының өкілдері жастарға шеберлік сабағын өткізді.

Соңғы жылдары елімізде дзюдоға ерекше назар аударылуда. Олимпиадалық спорт болғандықтан мемлекеттен де қолдау жетерлік. Халықаралық дзюдо федерациясының тәжірибелі ұстазы Николас Меснер мен Олимпиада жүлдегері Асхат Жіткеев балғындарға шығыс күресінің қыр сырын үйретті. Бір сағаттық ауыр жаттығудан кейін үлкен спорт табалдырығын енді аттаған жастар маманмен тілдесуге мүмкіндік алды.