Соңғы екі ойынды сәтсіз өткізген Ари Пекка Селин шәкірттері бұл жолы аянып қалған жоқ. Алғашқы кезеңде Константин Романов есеп ашқан. Бірақ қонақтар көп ұзамай нәтижелі шабуылман жауап қайтарды. Ойын тізгінін уысында ұстаған “Барыс” үзіліске дейін Михаил Паньшинның көмегімен алға шықты. Ал екінші жиырма минуттық толықтай айдын иелерінің басымдығымен өтті. Дастин Бойд пен Роман Савченко бұл бәсекенің нүктесін қойды. Қортынды есеп 5:1. Осы жеңістен кейін “Барыс” 49 ұпаймен шығыс конференциясында қайта көшбастады.
Қазақтың спорт және туризм академиясы ел спортының өсіп дамуына ерекше үлес қосып жүрген оқу орны. Жақында ғана Алматыда жалауын түсірген әлем чемпионатында академия студенті Жәнібек Әлімханұлы өз салмағында топ жарды. Әлемдік доданың ізін суытпай қазақ спортының қара шаңырағында дүбірлі бокс додасы өтті.
ҚР Конститутция мерекесі аясында өткен біріншілікте , студент боксшылар Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесін сарапқа салды. Алпысқа жуық үміткер қатысқан жарыс барысын бақылаған мамандар, боксшылардың шеберлік деңгейіне жоғары баға берді. Әсіресе, еліміздің жастар және жасөспірімдер арасындағы чемпиондары мен жүлдегерлері Алмаз Шынтемірұлы, Нұрасыл Мұқалбек және Дәулет Әділханның өнері академия біріншілігіне ерекше сән берді. Осы турнирде іріктелген мықтылар келер жылы студенттер арасындағы ел чемпионатында академия намысын қорғайтын болады.