Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Футболдан Еуропа Лигасының ширек финалдық ойындары өз мәресіне жетті. Бұл кештің көркін қыздырған ойын «Валенсия» мен «Базель» арасында өрбіді. Швейцарияда  3-0 есебімен жол берген Хуан Антонио Пицци командасы, өз алаңында «Базель» қақпасына жауапсыз бес голды тоғытты. 

  • 12 Сәуiр 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz

Ал “Ювентус” Туринде францияның «Лионын» қабылдап 2-1 есебімен айласын асырды. Ойынның 4-ші минутында-ақ италиялықтар есепте алға шықты. Гол авторы- Андреа Пирло. Араға 15-минут салып қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Әуелеп жеткен допты қақпада тулатқан Джимми Брайн. Үзілістен кейін алаң иелері есепте алға шықты. 68-ші минутта Самуель Умтити өз қақпасына гол соғып алды. Екі ойынның қорытындысы бойынша жалпы есеп 3-1 италиялық клубтың пайдасында. Сонымен жартылай финалға «Ювентуспен» қатар қос испаниялық клуб «Севилья» мен «Валенсия» және португалияның «Бенфикасы» жолдама алды. Жартылай финал жеребесі бүгін швейцарияның Ньон қаласында өтпек.

 

Шайбалы хоккейден Көкшелік «Арланды» қатарынан үш рет ұтқан Павлодардың «Ертісі», ел чемпионы атануға бір табан жақындады. Өз айдынында өткен екі матчта да  мерейі үстем болған  «Ертіс»,  Көкшетау  мұз айдынында да дес бермеді.

Сырт алаңдағы сәтсіздіктің орынын толтыруға күш салған «Арлан» бүгінгі бәсекеде қарымта қайтарудың жолын іздеп бақты.  Тартысқа толы қос  кезеңнен кейін олар  3:2 есебімен алға да шығып үлгерген. Бірақ олардың ә дегендегі екіпіні,  шешуші жиырма минуттықта  көзден ғайып болды. Бар білгенінен жаңылған  жергілікті хоккейшілер  кездесудің үшінші бөлігінде  өз қақпасына жауапсыз төрт шайба жіберіп алды. Қорытынды есеп 3:6. Сонымен артта қалған  үш бәсекенің  бәрінде жеңіске жеткен  «Ертіс» финалдық серияға нүкте қоюға жақын.

 


«Баск елі турының» төртінші кезеңінде голландиялық шабандоз Ваут Пулс үздік шықты. Таулы жолдар арқылы өрбіген кезеңнің түйіні   мәре алдындағы   асуда  шешілді.

Пулстің соңғы асудағы шабуылы сәтті шықты.  Осы  белесте  оның соңынан ілесе алмаған  Алехандро Вальверде мен Самуэль Санчес екінші және үшінші орындарды місе тұтты.  Бүгінгі кезеңде  ең белсенді болған «Астананың» өкілі Микель Ланда сегізінші нәтиже көрсетті.  Жалпы есептегі  жағдай бұл күні де өзгеріске ұшыраған жоқ. Бірінші кезеңнен бастап үстіне лидердің ақ жейдесін киген Альберто Контадор әлі де көш бастап келеді. Одан 12  секундқа қалып келе жатқан  Алехандро Вальверде әзірге генералдық тізімде екінші тұр.